{metadescription}
Үйлену тойынан кейін қалыңдығының көз алдында жан тапсырды

Үйлену тойынан кейін қалыңдығының көз алдында жан тапсырды

Британдық  ер азамат үйлену тойынан кейін қалыңдығының көз алдында жан тапсырды.

Британдық Мишель Уайт ғашығы Скотт Пламлидің ауыр дертке душар болғанын біле сала, оған тезірек күйеуге шыққысы келді. Олар екі жыл кездесіп жүрген. Бұрын "асқазан жарасы" деген Скоттың диагнозы расталмай, оның асқазанында қатерлі ісік бар екені анықталды. Дәрігерлер тек бірнеше күн ғана өмірі қалғанын жасырмай айтты. Бұны естіген Мишель бір тәуліктің ішінде үйлену тойын ұйымдастырып үлгерді, деп жазады The Sun.

Мишель туыстары мен достарының басын қосып, жақын достары тойға арналған торт пен гүл шоқтарын дайындады. Ал көршісі Мишельдің шашын өріп, бұйралап, сәндеп берді. Ал некесін тіркейтін қызметкерді Скотт жатқан аурухананың палатасына шақырды. Барлық рәсім жасалып болғаннан кейін 13 сағат өткен соң күйеу жігіт көз жұмды. Ол соңғы демі қалғанша Мишельді сүйетінін қайталап айта берді. 

Мишель өмірінің басым бөлігін қарттар үйінде күтуші болып өткізген. Ол науқастарға да көп қараған.

"Мен ажалмен таныспын. Бұл өмірімдегі ең ерекше өлім. Мен он үш сағат қана қалыңдық болғаныммен, үлкен жанұяның мүшесі атандым. Енді менің ата-енем, қайын ағаларым және көптеген достарым бар", — деді ол көзіне мөлтілдеген жасын сүртіп тұрып. 

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде