{metadescription}
ВИДЕО: Иті талып қалған қожайынын қасында соңына дейін болды

ВИДЕО: Иті талып қалған қожайынын қасында соңына дейін болды

Қытайдың Дацин қаласында көшеде итін ертіп келе жатқан қыз талып құлап қалды.

Қыздың ретривер тұқымдас иті жедел жәрдем жеткенше қожайынының қасынан бір елі кетпей, көмек күтіп отырды. Итті көрген дәрігерлер бастапқыда оның қасына жолауға сескенді. Бірақ жануар халаттыларға жол беріп, көмек жасағанын бақылап отырған. Сосын жедел жәрдем көлігіне бірге секіріп кірген. Итті көліктен шығармақ болғанда, ол ырылдап қарсылық білдірді. Ақыры дәрігерлер науқасты итімен бірге ауруханаға жеткізуге мәжбүр болды,  деп жазады Daily Mail.

Ауруханада қыздың кеше спирттік ішімдікті көп ішіп талғаны анықталды. Науқас есін жинағанда аузына алған алғашқы сөзі итінің аты болды. Қожайынының жанында отырған иті қыздың есін жиғанын көріп қуанғаны байқалып тұрды. 

"Есін жинап, итінің атын атап, сүйікті жануарын құшақтап жатқан қызды көргенде, біздің әрекетіміз дұрыс болғанына көзіміз жетті", -дейді доктор Чжан Цзихун. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде