{metadescription}
ФОТО: Имамдар шапандарын шешіп алып жүгіріп жарысты

ФОТО: Имамдар шапандарын шешіп алып жүгіріп жарысты

Талдықорғанда тұңғыш рет мешітке жиналған жамағат арасында марафоннан жарыс ұйымдастырылып, шараға имамдар да қатысты.

Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы бастаған 150-ден астам тұрғын қала көшелерімен 4 шақырымдай жерді жүгіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүгіруге қатысқандардың ең жасы 18-де болса, ең үлкені пайғамбар жасында. Марафонда бас жүлдені 19 жастағы  Ерасыл Мұқатай қанжығалап, шипажайға жолдама алды. Ал шапандарын шешіп, спорттық киім киіп жүгірген 10-ға жуық имам жарысқа қатысушылардың жігерін еселеді. Иман жолында жүрген имамдардың басты мақсаты жеңу емес, жамағатты салауатты өмірге шақыру болды.

Сондай-ақ, мал сойған қасыпшылар да өзара мықтыларды анықтады. 20 минуттың ішінде бір қойды сойып, жіліктеп, жарыстың талаптарын мүлтіксіз  орындаған Айырмас Мұрат ең үздік қасапшы атанды. «Олардың ең әуелгі мал сойғандағы тазалығына, жылдамдығына, қолының икемдігіне үлкен назар аударылды», - деді «Иман» мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы.  Сондай-ақ, құрбан айттың алғашқы күнінде Талдықорғанда  қоғамдық көліктер мен такси жүргізушілері халыққа тегін қызмет көрсетті.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде