{metadescription}
Қазақстандықтар Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды

Қазақстандықтар Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды

Спортшы-шаңғыроллершілер Олжас Климин, Анна Шевченко, Валерия Тюленева және Гүлсина Қадырова Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары шаңғыроллерден өткен халықаралық жарыста 9 жүлделі орынға ие болды. Бұл бәсекеге қазақстандық спортшылардан бөлек Ресей мен Болгарияның өкілдері де қатысқан еді.

«Сивен» кубогының жыл сайын өтетін жарысы біздің жаттықтырушылар штабына орындалған жұмыстарға тыңғылықты сараптама жасап, кемшін түскен тұстарды анықтауға, одан арғы жаттығу жоспарын түзетуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылғы «Сивен» кубогының қорытындысы бойынша команданың жақсы физикалық формада екендігін, маусымның осы кезеңінде алға қойылған міндеттерге сай келетіндігін айта аламын. Осы жылы жарысқа үш елден 120-дан астам спортшы қатысты. 9 рет жеңіске жеттік, оның төртеуі бірінші орын. Бұл жақты нәтиже», - дейді команданың аға спорттық менеджері Александр Батяйкин.

«Қыздар» санаты:

1 - Анна Шевченко (Қазақстан)

2 - Эльмира Гаянова (Ресей)

3 - Ирина Быкова (Қазақстан)

Қыздар тобының «андер» санаты:

1 - Валерия Тюленева (Қазақстан)

2 - Ангелина Шурыга (Қазақстан)

3 - Ксения Шалыгина (Қазақстан)

«Жастар» санаты:

1 - Гүлсина Қадырова (Қазақстан)

2 - Наталья Черных (Қазақстан)

3 - Кристина Кускова (Ресей)

Ерлер тобының «андер» санаты:

1 - Олжас Климин (Қазақстан)

2 - Александр Мухин (Қазақстан)

3 - Антон Тимачев (Ресей)  

«Бұл халықаралық жарыстарға командамыздың қатысуы дәстүрге айналған. Ол аға топ жиынының соңы мен жасөспірімдер жиынының ортасына тура келеді. атлеттеріміздің жаздық дайындық бағдарламасында жыл сайын таулы жерлерде міндетті түрде жаттығу өткізу кіреді. Ал Болгарияда теңіз деңгейінен биіктің 2 мың метрді құрайды, қажеті жүктеменің толық жүктемесі мен қайта қалпына келу шаралары үшін оңтайлы жағдай жасалған. «Сивен» кубогының жарысы спортшыларымыз үшін қысқы маусымға дайындық процесінің бөлігі болып саналады. Біз үшін келесіж арыс Щучьеде өтетін Қазақстан чемпионаты болмақ. Ол 1 қыркүйекте басталады», - деді Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Виктор Завялов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде