{metadescription}
11 айлық сәби пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

11 айлық сәби пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Сәбиді жедел жәрдем мамандары үйден аудандық ауруханаға жеткізді.

Ресейдің Сахалин облысында сәрсенбі күні он бір айлық қыз бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті.

Құқық қорғау органдары балақайды кім пышақтап тастағанын анықтап жатыр, деп хабарлады РИА Новости РФ Тергеу комитеті өңірлік басқармасы басшысының аға көмекшісі Ольга Чебыкинаға сілтеме жасап.  

Оның айтуынша, 11 айлық Оха қаласының (Сахалиннің солтүстігінде) тұрғынын жедел жәрдем бригадасы үйден жергілікті орталық аудандық ауруханаға жеткізген.   

Қазіргі таңда бала жан сақтау бөлімінде жатыр.   

Чебыкина хабарлағандай, қыздың ауруханаға түскені туралы ақпарат құқық қорғау органдарына таңғы сегіз жарымда түскен. Тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр, қазір қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.     

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.