{metadescription}
Боксшы келіншек жаттығу кезінде соққы алып, көз жұмды

Боксшы келіншек жаттығу кезінде соққы алып, көз жұмды

Браун бокспен 2014 жылдан бері ден қойып айналысып келеді.

Жаңа Зеландияда боксшы келіншек Люси Браун жаттығу кезінде алған соққыдан көз жұмды, - деп хабарлайды MyMMANews.

Боксшы спарринг кезінде басына соққы өткізіп алған. Басында 31 жастағы Браун денсаулығына шағымданбады. Ес жинап алу үшін су ішуге кетеді, осыдан кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Осыдан кейін оны ауыр жағдайда ұшақпен ауруханаға жеткізеді, ол жерде келіншек бірнеше күн бойы өмір сақтау жүйесіне қосылған. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады, боксшы 22 тамызда көз жұмды. 

Браун бокспен 2014 жылдан ден салып айналысып келген. Ол кезде онкологиялық дертке шалдыққан адам ретінде қайырымдылық бокс кешіне қатысқан еді. Сонымен бірге, Браун Аустралияның "Алтын қолғап" турниріне қатысып, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.