{metadescription}
БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты.

Оқиға 22 тамыз күні Қаратөбе ауданында орын алған. Аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақовтың сөзіне қарағанда, сағат 21.30 шамасында Қаратөбе-Сулыкөл жолының 27-шақырымында Соналы ауылының тұсында «Renault Duster» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмауы салдарынан аударылуға жол берген. 

Соның салдарынан көлікте болған екі адам қаза тапты. Оның бірі Соналы, екіншісі - Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана ауылының тұрғыны. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, биылғы алты айдағы көрсеткіштер бойынша өңірде жол апатынан қаза тапқандар саны көбейіп отыр. БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының саны 20,5 пайызға (156-дан 124-ке), соның салдарынан жарақат алғандар 27,2 пайызға (195-тен 142-ге) азайғанымен, қаза тапқандар 61,5

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.