{metadescription}
8 жасар қызды зорлағандар өлім жазасына кесілді

8 жасар қызды зорлағандар өлім жазасына кесілді

Қайғылы оқиға Үндістанда орын алған. 

Мандсаура тұрғындары 20 жасар Ирфан Мьюати және 24 жасар Асиф Мьюати сегіз жасар қызды зорлап, бауыздап кеткен. 21 тамызда сот педофилдерге өлім жазасын кесті.

Ирфан Мьюати мен Асиф Мьюати мектептің жанында әкесін күтіп тұрған қызды ұрлап кетеді. Олар қызды зорлап, ұрып-соққан. Артынша жауыздар баланың тамағын кесіп, оқиға болған жерден кетіп қалады.

Жергілікті тұрғындар қиналған қызды тауып алып, қансыраған күйде ауруханаға жеткізген. Қуанышқа орай дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды.

Қылмыскер бірден қолға түсті. Жұртшылық педофилдер үшін өлім жазасын талап етті. Сот процесі жылдамдатылған тәртіпте өтті. Сейсенбі күні оларға үкім шығарылды.

Соңғы рет Үндістанда осыдан 14 жыл бұрын 18 жасар қызды зорлаған Дхананджай Чаттерджи дарға асылған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде