{metadescription}
Ірі қара белгісіз аурудан қырылып жатыр

Ірі қара белгісіз аурудан қырылып жатыр

Қарақалпақстандағы ветеринарлар мен шаруалар ірі қараның жаппай қырылуына алаңдаушылық танытты.

Олар ірі қара белгісіз ауруға шалдыққанын айтты. Кесел тұзды-құмды дауылдан соң басталған.

Бірақ кейбір жергілікті ветеринарлар ірі қараның көргі Түркіменстаннан тараған нодулярлы дерматиттен қырылып жатыр деп есептейді. 68 жастағы шаруа Сапар Мадетов ірі қарада мұндай ауру таралғанын бұрын естімегенін жасырмады.

"Бізде бұл кеселге қарсы ешқандай вакцина жоқ. Бірақ ірі қара қырылып жатыр. Мұндай жағдай бұрын болған емес", - деді ол.

Оның айтуынша, Қоңырат ауданының тұрғындары кесел туралы естіп, сиыр етін сатып алмай қойған.

Шымбай ауданының ветеринарлық қызметінің басшысы Сағынбай Раимов кесел туралы мәліметті растады.

"Бұл кесел бізге Түркіменстанмен шекаралас аудандардан келді. Биыл ол Қарақалпақстанның басқа да аудандарына тарады. Бар болғаны 4-5 бас өлді. Оларды бірден көміп тастадық", - деді ол.

Оның айтуынша, кесел адамдарға жұқпайды. Ауру сиырдан сиырға жәндіктер арқылы жұғады, деп түсіндірді Раимов.

Дереккөз: centralasian.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде