{metadescription}
Тележүргізуші тікелей эфирде құсып жіберді

Тележүргізуші тікелей эфирде құсып жіберді

Норвегиялық тележүргізуші бағдарламаның түсірілімі кезінде ыңғайсыз жағдайда қалды.

Норвегияның TV2 арнасының жүргізушісі Линн Виик (Linn Wiik) тікелей эфирдің түсірілімі кезінде құсып жіберіп, ыңғайсыз жағдайда қалды, деп жазды  Independent басылымы. 

Әйел бағдарламаны әріптесімен және екі қонақпен бірге жүргізіп отырғанда мазасыздана бастаған. Ол лоқсығанын басу үшін аздап су ішеді. Осы кезде керісінше жүрегі қатты айнып кетіп, спортшы әрі вайнер Вегард Хармға (Vegard Harm) қарай құсып жібереді. Кейінірек  Линн жүкті екенін хабарлады.  

"Жүкті екенімді бұлай хабарлағым келмеген еді", — деп қалжыңдады ол бағдарламадан кейін.

Айта кету керек, жолдасымен келген қонақ болған оқиғаға еш ренжімей, әңгімесін жалғастыра берген.

Дереккөз: Sputnik

 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде