{metadescription}
Түркістан облысында бөлім басшысы 12 млн теңге парамен ұсталды

Түркістан облысында бөлім басшысы 12 млн теңге парамен ұсталды

Құрылыс бөлімінің басшысы 12 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Түркістан облысындағы өкілдері Сайрам ауданы Құрылыс бөлімінің басшысын пара алды деген күдікпен ұстады.

Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылысына жалпы сомасы 400,5 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін делдалдар арқылы бөліп-бөліп ақша алып отырған. 

Қылмыс үстінде ұсталған шенеунік қазір қамауда. 

Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде