{metadescription}
Бокс тарихындағы ең жылдам жеңіс тіркелді

Бокс тарихындағы ең жылдам жеңіс тіркелді

AҚШ-тың Минеаполис қаласындағы Premier Boxing Champions турниріндегі жекпе-жектерідің бірінде қызық жайт болды.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Кертис Харпер (13-6, 9 KO) мен Нигериядан келген Ефе Аягбо (6-0, 5 KO) арасында болған жекпе-жек кезінде бокс тарихындағы ең жылдам жеңіс тіркелген болса керек.

Алты раундқа есептелген жекпе-жек әдеттегідей басталды. Боксшылар ринг ортасына шығып қолғаптарын түйістіріп, бұрыштарына оралған. Алайда жекпе-жектің басталғаны туралы белгі берілгенде Харпер рингтен түсіп, залдан шығып кеткен. 

Осылайша, америкалық шеттетіліп, нигериялық боксшы жеңді деп есептелді.

Харпердің бұл әрекетінің себебі белгісіз. PBC тілшісінің ақпаратынша, боксшы "жекпе-жек үшін аз ақша төленіп, сыйластық танытылмағаны" үшін кетіп қалған. 

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.