{metadescription}
Қазақстан қоржынына төртінші «алтын» түсті

Қазақстан қоржынына төртінші «алтын» түсті

Джиу-джиутсудан 62 келіде сынға түскен Дархан Нортаев Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Бүгін Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джиутсудан 62 келіде сынға түскен Дархан Нортаев ел қоржынына төртінші алтынды салды.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Дархан 1/8 финалда қырғызстандық Әбілдабек Кекеновты 2:0 есебімен жеңсе, келесі айналымда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысынан 4:0 есебімен басым түсті.

Ақтық сында Біріккен Араб Әмірліктерінің тағы бір спортшысын жеңген Дархан Азия чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына төртінші алтын жүлдені салды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде