{metadescription}
Қазақ боксшысы америкалық қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді

Қазақ боксшысы америкалық қарсыласын екі минутта нокаутқа түсірді

Супер ауыр салмақта шаршы алаңға шығып жүрген Дамир Тойбай қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы америкалық жігітті бірінші раундта соққыға жығып, жеңіске жетті. Көрерменді сүйсіндірген кездесу Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында болған

Жас қазақ боксшысы Дамир Тойбай қарсыласы Дрейк Бэнксті 1/8 финалда ұтты. Тойбай жекпе-жек басталған бойда америкалық жігіттен басымдығын көрсетіп, шаршы алаңда мықтылығымен көзге түсті, раундтың бітуіне екі минут қалғанда соққы қарқынын одан бетер үдетті: үздіксіз шабуылымен қарсылық көрсетуге мүлдем мүмкіндік бермей қойды.

Екінші минут аяқталар кезде америкалық иегінен бірнеше қатты соққы алып, ара қашықтықты сақтауға шамасы жетпей қалды. Төреші Бэнкстің нокдаун алғанын жариялап, кейін жекпе-жекті жалғастыратын хәлде емес деген шешім қабылдады.

Дамир Тойбай техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ширек финалда қазақ жігіті венгр Коппани Фехерге қарсы жекпе-жекке шығады. Кездесу 27 тамызда күндіз болмақ.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.