{metadescription}
Астана тұрғынына тойы күні полиция ерекше тосын сый жасады

Астана тұрғынына тойы күні полиция ерекше тосын сый жасады

Астана тұрғынына тойы күні жоғалтып алған әмиянын қайтарып берген.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД хабарлады.

Астана қаласы ІІД іздеу бюросына елорда тұрғыны келіп, арыз түсірген. Сөзінше, өткен түні таксиге отырған. Шығарда көлік ішінде ақшасы, карточкалары мен құжаттары бар әмиянын қалдырып кетіпті.

«Көлігінен бейтаныс әмиян байқаған жүргізуші іздеу бюросына апарып берген. Регистратор Ирина Руденко құжаттың Әсет Сапаржанов есімді қала тұрғынына тиесілі екенін анықтап, иесіне хабарласты.Ал әмиянды Әсетке оның үйлену тойы күні апарып берген екен. Ер адам мұны жақсылыққа балап отыр. Айтуынша, бұл бекер емес, некесі берік әрі бақытты болмақ. Әсет таксиші мен полиция қызметкерлеріне жедел қызмет үшін алғыс білдірді», - деп хабарлады ІІД.

Дереккөз: Қамшы 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.