{metadescription}
Қалыңдық тойында қатты билеп аяғын сындырып алды

Қалыңдық тойында қатты билеп аяғын сындырып алды

Жас әйел аяғын сындырғанын білмей, той біткенше билей берген.

Британдық қалыңдық Линдси Хендерсон той үстінде билеймін деп аяғын сындырып алды.

Бирмингемдегі той кезінде 90-шы жылдардағы әнге қалыңдықтың беріліп кеткені сонша, аяғын сындырып алғанын сезбеген.

30 жастағы әйел сүйікті әнін естігенде, сабыр сақтап тұра алмай, бидің түбін түсіреді. Қатты секіріп жүргенде, аяғын қисық басып алса керек. Жарақатын байқамаған ол бұдан кейін тағы алты әнге тоқтаусыз би билейді. Той қызығы бітпей, түнгі екіге дейін ұласыпты.

Қалыңдық ертесінде ғана аяғын ауырсынып, дәрігерлерге қаралған. Медициналық мекеме қызметкерлері Линдсидің аяғына алты аптаға гипс салып берді.

Хендерсонның өзі айтқандай, үйлену тойының бірде-бір сәтін ұмытпау үшін ішімдік ішпеген екен. Енді бұл оқиғадан кейін 2018-дің жазын мәңгі жадынан шығармасы анық.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде