{metadescription}
Елордада Қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды

Елордада Қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды

Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасады.

Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда. Әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздарына 1 000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, «қолаға» 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3 000 доллар, «күміске» 1 500 доллар, қола жүлде иесіне 1 000 доллар табысталады.

Азия біріншілігінде ел намысын 55 келіде Ербол Алдухан,  60 келіде Оспан Дәулетбай, 66 келіде Нұрболат Ізімғалиев, 74 келіде Наурызбек Майлашев, 82 келіде Ерсін Сейтқазинов, 93 келіде Әділжан Ыстыбаеав, 100 келіде Бауыржан Қабай, +100 келіде Айбат Сейтен, абсолюттік салмақта Айбек Нұғымаров қорғайды.

Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатқан «Дәулет» спорт кешеніне кіру тегін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.