{metadescription}
Алтайда жол апатына ұшыраған қазақстандық әйел есін жиды

Алтайда жол апатына ұшыраған қазақстандық әйел есін жиды

Алтайда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйел есін жиды.

«Білімбай Хасен есін жиды, сөйлеп жатыр. Туыстары келіп қалуы тиіс. Әйелдің туыстарының іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама таратылғаннан кейін бір сағаттың ішінде Моңғолия мен Астанадағы туыстары бізбен хабарласты», - деді баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жол апаты түнгі уақытта Алтай Республикасындағы автожолда болған, шағын автобус аударылып қалды. Автобустағы 15 адам Моңғолия азаматтары болған, 12 адам зардап шеккен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Тежегіш жүйесінің ақауы жол-көлік оқиғасына себепші болып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.