{metadescription}
Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес айқас алдында ашық жаттығу өткізеді

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес айқас алдында ашық жаттығу өткізеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) рематчтың алдында журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жаттығу өткізілетін орын -Лос-Анджелестегі ( Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California  стадионы. Жаттығу астана уақытымен 05:00-де басталады.

Ал оның тікелей трансляциясы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасы  арқылы беріледі.

Еске сала кетсек, «Канело» - GGG жекпе-жегі 15 қыркүйекте  Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда болады.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде