{metadescription}
Алматы әуежайында жалған құжатпен балалары бар түрік азаматы ұсталды

Алматы әуежайында жалған құжатпен балалары бар түрік азаматы ұсталды

Алматы халықаралық әуежайында жалған құжатпен балалары бар түрік азаматы ұсталды.

Алматы-Мәскеу рейсін тіркеу кезінде Алматы халықаралық әуежайында үш баласы бар түрік азаматы ұсталды, деп хабарлады республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы шекаралық қызметі шекаралық бекетінде.

Өткен сенбіде әуежайдың ұшып кету залында 37 жастағы шетелдік және оның үш ұлы ұсталды.
«Әйелдің өзінің және үлкен ұлының құжаттары дұрыс болған. Ал 2006 және 2008 жылғы кішкентай ұлдарының құжаттарын тексеру кезінде әйел қатты мазасызданғаны күдік тудырды. Құжаттарды тереңірек зерттегенде ішінде жалған белгілер анықталған», - деп жазылған хабарламада.
Аталмыш факті бойынша ұсталғандар мен материалдар ішкі істер бөліміне жіберілді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.