{metadescription}
Алтын жүрек: Ұлттық марапаттауға өтініш қабылдау басталды

Алтын жүрек: Ұлттық марапаттауға өтініш қабылдау басталды

«Бауыржан» қорының ұйымдастыруымен өткізілетін қайырымдылық саласындағы Ұлттық «Алтын жүрек»  марапатына өтініштер қабылдау басталды.

Қазақстанның ең қайырымды жандарын марапаттауға өтініштер 2018 жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін www.altynzhurek.kz сайтында қабылданады. 

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан шара осымен 12-ші рет ұйымдастырылмақшы. Игі шара өз қаражатын, уақытын және күш-жігерін аямай, қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды анықтап, марапаттайды.

Марапат мына  номинациялар бойынша іріктелмек:

  • Жетім балаларға көмектескені үшін;
  • Білім беруді қолдағаны үшін;
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық жасағаны үшін;
  • Спортты қолдап, дамытқаны үшін;
  • Егде жастағы адамдарға қамқорлық жасағаны үшін;
  • Жыл меценаты;
  • Ақпараттық қамқоршы;
  • Жылдың қайырымдылық жасаушысы;
  • Жылдың ұйымдастырушысы;
  • Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін;
  • Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін;
  • Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін.

«Алтын жүрек» жыл сайын  Қазақстандағы және Орта Азиядағы  қайырымдылық саласындағы бірегей мәртебесін растап келеді. 

Айта кетсек, ««Бауыржан» Қайырымдылық қоры 2007 жылы Алтын жүрек» Ұлттық қоғамдық жүлдесін көпшілікке таратып, қайырымдылық меценаттық  идеяларын кеңінен тарату мақсатында құрған болатын.

Жобаның идеясы  - жыл сайын еріктілердің қатарын толтырып, меценаттылықты өркендету.  «Алтын жүрек» ең алдымен кез келген дамыған қоғамда мейірімділік пен қайырымдылықтың үлгісі болып табылатын бауырмал, елгезек адамдарға айтылатын алғыс.

«Baurzhan foundation» жеке қоры 12-ші рет жылсайын өтетін «Алтын жүрек» сыйлығына өтініш қабылдауын бастады.
Ұйымдастырушылар еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздейді және қайырымдылық жолында қоғамға, елге, халыққа өз ауылына жасап жатқан игі істерін, әлеуметті маңызы зор іс – шараларын, еңбектерін бағалайды.
Өтініштер 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Мекен-жай: Алматы қаласы, Тимирязов көшесі 71, кеңсе 3.
Толық ақпарат: www.altynzhyrek.kz сайтында және тел. 8 (727) 315 15 11;

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде