{metadescription}
ВИДЕО: Куба коктейльден әлемдік рекорд орнатпақшы

ВИДЕО: Куба коктейльден әлемдік рекорд орнатпақшы

Кубаның астанасы Гаванада коктейльден әлемдік рекорд орнатпақшы. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың ондаған бармендері әлемдегі ең үлкен коктейльді араластыру үшін Гаванаға жиналды.

Іс-шараға АҚШ, Уругвай, Доминикан Республикасы, Никарагуа және Перу шеберлері, сондай-ақ қабылдаушы ел қатысты. Шараны кубалық ром шығарушы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдастырды. Ұйымдастыру комитетінің президенті Хосе Луис Брито: «Мақсатымыз- рекордтық сусын жасау», - дейді.

Бұл сиқырлы сусынды ұнатпайтын кубалық кемде-кем, - дейді Гавана тұрғыны Рилла Альварес. Көптеген шетелдіктерге де дәл осындай.

Осылайша, бұл жолы да Гавана Либре отелінде әр қатысушы бір бокалдан дәм татты. Рекорд орнату мүмкіндігі  бір апта бойы жалғасатын XXII панаамерикалық коктейль араластыру чемпионатының алғашқы күніне тұспа-тұс келді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде