{metadescription}
Павлодар облысында жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті

Павлодар облысында жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті

КамАЗ жүргізушісі Омбы - Майқапшағай күре жолын кесіп өтіп жатқан сиыр табынының алдынан өте шықпақ болғанда үлгере алмай, он бір малды басып кетті.

Оқиға «Омбы-Майқапшағай» тас жолында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігін тізгіндеген азамат трассаның бойындағы «мал өткізу бөлігі» деген ескерту белгісін елемеген.

Жол апатынан жүргізушінің өзі зардап шекпепті. Ал «КамАздың» астында қалған сиырлар сол жерде арам қатты.

Десе де, мертіккен малдың бірнешеуін иелері бауыздап үлгеріпті. Қалғандарының құнын жүргізушіден сұрап отыр. Шығын көлемі 3 миллион теңгеден асып жығылады. Полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғаған.


 

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде