{metadescription}
Жеңіліс тапқан Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды

Жеңіліс тапқан Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі қабарлауынша, дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Жакартада ауруханаға жеткізілді.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетелік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.