{metadescription}
Қала ішінде аралар қаптап кетті

Қала ішінде аралар қаптап кетті

Нью-Йорк қаласында аралардың омартасы полицияны қаланың басты алаңы Таймс-скверді жабуға мәжбүрледі.

Мыңдаған жәндіктің қала ортасына қайдан ұшып келгендері белгісіз. Жаяу жүргіншілер олардан қашуға мәжбүр болғандықтан, полицияның аралар жиналған аумақты жабуларына тура келді. Көп ұзамай осы мыңдаған ара хот-дог сататын дүңгіршектің шатырына жиналды. 

Араларды ұстау операциясы 45 минутқа созылды. Оны арнайы шаңсорғышқа ұқсайтын құралмен полиция қызметкерлері жүргізді. Араларға да, адамдарға да ешқандай зиян келмеді. Алдағы уақытта бұл аралар басқа омартаға жіберілмек. 

Детектив София Мейсон араларды ұстау барысында ешкімнің зиян шекпегенін айтты. Олар бар болғаны шұжық қосылған бәліш жегілері келген сияқты. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде