{metadescription}
Тойға шақырылған қонақтардан ақша сұраған қалыңдық күйеусіз қалды

Тойға шақырылған қонақтардан ақша сұраған қалыңдық күйеусіз қалды

Канадада Сьюзен есімді қыз қонақтар тойына 1,5 мың доллардан жинап бермегені үшін тұрмысқа шығудан бас тартты.

Канадалық қыз бірнеше жыл бойы үйлену тойын барынша сәнді етіп өткізуді жоспарлаған. Сол үшін ол жігітімен бірге ұзақ уақыт бойы 15 мың доллар жинайды. Алайда бұл ақша қызға жеткіліксіз болып көрінген – "қиялдағы үйлену тойын" өткізу үшін 60 мың доллар қажет болған. Содан Сьюзан тойға шақырылған қонақтардың барлығынан сыйлық ретінде 1,5 мың доллардан тапсыруды өтінеді.   

Қонақтардың басым бөлігі қалыңдықтың шартын орындаудан бас тартты, салдарынан тойға төрт күн қалғанда салтанатты кештің өтпейтіні туралы жарияланды. Сонымен қатар, Сьюзен жігітімен айырылысып тынғанын да хабарлады. Күйеу жігіт оның жоспары ақылға қонбайтынын айтып,  қарапайым той өткізуді талап еткен көрінеді.

Сондай-ақ қыз "барға қанағат етуге" шақырған барлық құрбысымен ұрысып қалған. Қыз "сыйлық" жасап үлгерген қонақтардың ақшасын моральдық шығынға жатқызып, қайтарып беруден бас тартқан.   

Канадалық әлеуметтік желілердегі парақшаларын жойып, "сатқындардан жанын  тазарту" үшін Оңтүстік Африкаға саяхаттауға шешім қабылдады. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.