{metadescription}
Жалаңаш молданың интимді видеосы желіде тарап кетті

Жалаңаш молданың интимді видеосы желіде тарап кетті

Өзбекстанның Хорезм облысының 61 жастағы молдасы Абдухамид Атажанов өзі кейіпкері болған интимді видеоның әлеуметтік желіге тарап кетуіне жергілікті ішкі істер қызметкерлерін айыптады.

Олар жеке өміріме қол сұқты дейді.

Қарт молданың бөлмеде жалаңаш кейіпте жас келіншекпен отырған видео өткен аптада әлеуметтік желіге тарап кеткен. Бөлмеге милиция қызметкерлері баса-көктеп кіріп, видеоға түсіріп, екеуін тергеуге ала бастайды.

Үргеніш қаласының тұрғыны Абдухамид Атажанов атышулы видео 6 жыл бұрын милиция қызметкерлері тарапынан түсірілген дейді.

"Менің әйелім жоқ. Сондықтан мен ешқандай қылмыс жасағаным жоқ. Мен әйелмен өзімнің үйімде жаттым. Бұған тыйым салынған ба? Әлде молдаға жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған ба? Бұл әйел өзі үйге келді, мен оны мәжбүрлеген жоқпын. Ол үйге келіп, "Сіздің әйеліңіз жоқ екен ғой, сізге массаж жасап беруге, киімдеріңізді жуып беруге рұқсат етіңіз" деп сұрады. Мен қарсы болмадым. Бірақ аяқ астынан милиция қызметкерлері баса-көктеп кіріп келді. Енді олар алты жыл бұрын болған оқиғаны әлеуметтік желіге таратып отыр", – деді ол.

Үргеніш қаласы ішкі істер бөлімінен видеоға қатысты түсінік алуға мүмкін болмады. Үргеніш қаласының тұрғындары Абдухамид Атажанов бедеу әйелдерді емдейді дейді. Бірқатар қаралған әйелдер молда тарапынан сексуалдық алымсақтық болғанын айтады. Ал молданың өзі мұны теріске шығарады.

Хорезм облысы әкімшілігінің діни ұйымдармен жұмыс істеу жөніндегі бөлімнің қызметкері Абдухамид Атажановтың ешбір діни ұйымға кірмейтінін әрі оның қолында емші деген лицензиясы жоқ екенін айтты.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде