{metadescription}
Бойжеткен байқамай қытайлық азаматқа тұрмысқа шыққан

Бойжеткен байқамай қытайлық азаматқа тұрмысқа шыққан

Ол алаяқтардың арбауына түсіп қалған.

Гонконгтың 21 жасар тұрғыны бір компанияның ешқандай жұмыс тәжірибесінсіз бет әрлеушіні қомақты жалақы төлеп, жұмысқа қабылдайтыны туралы хабарламасын кезіктіріп, қызығушылық танытқан.

Бойжеткен көрсетілген мекенжайға келіп, жұмыс жайында сұрастырмақ болған кезде оны үйлену тойын ұйымдастырушылардың тегін курсына жазылуға үгіттеген, деп хабарлайды South China Morning Post.

Курс аяқталғаннан кейін Қытайдың Фучжоу қаласында емтихан тапсыратын кезде бойжеткенге қалыңдықтың рөлін сомдап, өзі танымайтын жігітпен некеге тұруға тапсырма берілген. Курсты ұйымдастырушылар емтихан біткеннен кейін неке заңды күшін жоятынын айтып сендірген. Алайда, бойжеткен Гонконгке оралғаннан кейін әлі де заңды некеде тұрғанын білген.

Бойжеткен өзінің алаяқтардың қармағына түсіп, алданғанын сол сәтте бір-ақ білген. Полиция оның арыз-шағымына аса мән бермегенімен, бұл мәселені шешуді Гонконг кәсіподақтар федерациясы қолға алған.

Аталмыш ұйым бойжеткеннен басқа тағы да осылай алданып қалған қыз-келіншектер көптеп саналуы мүмкін деп болжап отыр. Себебі, заң жүзінде Қытай тұрғындарының әйелі немесе күйеуі Гонконг азаматы болып табылатын болса, олар осы қалада тұрып өмір сүру құқығына ие болады екен.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.