{metadescription}
АҚШ-та сотталған Диас Қадірбаев түрмеден шықты

АҚШ-та сотталған Диас Қадірбаев түрмеден шықты

Диас Қадірбаев жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Қазақстандық Диас АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік полиция қызметкерлерінің қарауында.

Естеріңізге сала кетейік, Бостондағы марафон кезінде жарылыс ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадірбаевқа айғақтарды жоюға әрекеттеніп, тергеу амалдарына бөгет жасады деген айып тағылған.

Тергеу деректеріне қарағанда, теракттан үш күн өткеннен кейін олар Царнаевтың ноутбугі мен ператехникалары бар сөмкені лақтырып жіберген. Болжам бойынша, олар жаңалықтардан Царнаевтың суретін көріп, оның терактқа қатысы бар екенін түсінген соң қолдарындағы айғақтардан құтылуға кіріскен.

Кейін ол сөмке қоқыс жәшігінен табылды. Нәтижесінде Диас Қадырбаев алты жылға, Азамат Тажаяқов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

2016 жылы Азамат Тажаяқов Қазақстанға оралған.

Дереккөз: Qamshy.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде