{metadescription}
Атырауда үш қызды көлік қағып кетіп, біреуі қаза тапты

Атырауда үш қызды көлік қағып кетіп, біреуі қаза тапты

Атырауда түнгі уақытта жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан үш бойжеткенді жеңіл автокөлік қағып кетті.

Қыздардың біреуі қайтыс болды.

Қайғылы оқиға орталық Сәтпаев даңғылын кесіп өтетін жаяу жүргіншілер жолында болған. Үлкен жылдамдықпен құйғытып келе жатқан автокөлік тоқтап тұрған көліктермен соқтығыспас үшін жаяу жолаққа қарай бұрылып кеткен, сөйтіп сол жерде 1995 жылы туылған үш қызды қағып кетеді. Олардың біреуі оқиға орнында жантәлісім етті. Қалған екі қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде