{metadescription}
Ольга Рыпакова төртінші рет Азия чемпионы атанды

Ольга Рыпакова төртінші рет Азия чемпионы атанды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде Азияның ең үздік спортшысы екендігін тағы да дәлелдеді.

Ол бүгін Жакартада өтіп жатқан Азиада ойындарында чемпион атанды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшымыз екінші мәрте қарғып секіруінде 14 метрді бағындырған. Ал қалған қарсыластарының бірде-бірі мұндай көрсеткіш көрсете алған жоқ. Ольга Рыпакова үшінші мәрте секіруінде 14,26 метр нәтиже көрсетті. 

Екінші орын 13,93 метрге секірген таиландық Чумайароенг пен дәл сондай нәтиже көрсеткен вьетнамдық спортшыға бұйырды. 

Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз Ирина Эктова 13,58 метрді бағындырып, 6 орынға тұрақтады.  Айта кетерлігі, Ольга Рыпакова осымен төртінші мәрте Азиа ойындарының чемпионы атанып отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.