{metadescription}
Циркте арыстан өз үйретушісіне тап берді

Циркте арыстан өз үйретушісіне тап берді

Ер адамға дәргерлердің жәрдемі көрсетілді, қазір денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

"ИДОЛ" әлемдік цирк өнері фестивалінің бас продюсері әрі жүргізушісі Эдгард Запашный дайындық кезінде жыртқыштың үйретушіге шабуыл жасаған видеосын жариялады.

Запашный хабарлағандай, Ресей мемлекеттік цирк компаниясының өкілі Алексей Макаренкоға шабуыл жасалған. Ол әйелі Ольга Борисовамен бірге қойылымға дайындалып жатыпты – "Ривенделл бақтарында" атты жыртқыштар аттракционын қайталап жатса керек.

 

"Қауіпсіздік техникасы бойынша аңдарды манежге белгілі бір тәртіппен шығарып, сол тәртіппен алып кетеді. Бірақ арыстандардың бірі вольерге апартын коридорға шығып кеткен екінші арыстанның соңынан ілеседі. Жыртқыштар алысып кетпес үшін, көмекшілер арыстанның алдын бөгей қояды. Бірақ бұған қатты ашуланған аң патшасы үйретуші Алексей Макаренкоға тап береді. Абырой болғанда, үйретуші қатты жарақат алмаған: қолын жараланыпты. Дәрігерлер цирк әртісінің денсаулығына еш қауіп жоқ деп сендірді", — деп жазды Запашный.

"ИДОЛ" фестивалі Үлкен Мәскеу циркінде жыл сайын өткізіледі. Биыл шараға әлемнің он үш елінен 130 әртіс қатысады.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде