{metadescription}
ШҚО-да орманда адасқан зейнеткер мен немересі табылды

ШҚО-да орманда адасқан зейнеткер мен немересі табылды

Риддерді маңынағы орманда 62 жастағы зейнеткер әйел мен 10 жастағы немересінің адасып кеткен.

Саңырауқұлақ тереміз деп, жоғалып кеткен екеуі кеше аман-есен табылды, деп хабарлайды тілшісі.

Зейнеткер мен немересі орманда жол тауып, қаланың жанында орналасқан “Климовка” демалыс базасының тұсынан шыққан екен. Бұларды көріп қалған тұрғындар бірден полиция шақыртыпты.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, екеуі дін аман, медициналық  жәрдемді қажет етпеген.  Түнді қалай өткізгендері және жолды қалай тауып шыққандары туралы әзірше белгісіз.

Дереккөз: Алтайньюс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.