{metadescription}
Қазақстанда санавиация апатқа ұшыраған 48 адамды елге жеткізген

Қазақстанда санавиация апатқа ұшыраған 48 адамды елге жеткізген

Қазақстанның санитариялық авиациясы қызметін бастағалы бері апатқа ұшыраған 48 қазақстандықты елге жеткізген.

«Жалпы, 2011 жылдан қазірге шейін Қазақстан Республикасының санитариялық авиациясы алыс-жақын шетелдерден (Таиланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Мысыр, Қырғызстан, Қытай, Ресей, т.б.) 48 ҚР азаматын елге жеткізді», - делінген хабарламада.

Шетелде зардап шеккен Қазақстан азаматтары қай елден болмасын, республикалық бюджет қаражаты есебінен әкелінеді.

Санитариялық авиация құрылғалы 15 мың қазақстандыққа көмек көрсетілген, соның 2 537-сі акушерлік ауытқуы бар әйелдер, 2 460-ы жаңа туған сәби, 3 249-ы бала, 2 365-і қан айналым жүйесі ауруларымен ауырған науқастар, 3 177-сі жазатайым оқиғаға тап болғандар, уланғандар, 1 458-і басқа аурулардан зардап шеккендер.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде