{metadescription}
ШҚО-да үсік жүреді

ШҚО-да үсік жүреді

Ауа температурасы 3°С-ға дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Күз мезгілінің алғашқы күндері қатқақ болады.

2-3 қыркүйек күндері күн суытады. Түнде ауа температурасы Цельсий бойынша 3 градусқа дейін күрт төмендеп кетуі ықтимал. Бүгін өңірде күн ала бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Түс ауа жауын-шашын мөлшері артуы мүмкін. Ауа температурасы - 16 градус.

Өңірде құбылмалы ауа райы сақталып отырғанына аптадан асты. Кей кездері ауа температурасы төмендесе, кейде күн күркіреп, жел үдей түсті. Өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп жатыр.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде