{metadescription}
Жалғас Жұмағұлов ресейліктен чемпиондық белбеуді тартып алды

Жалғас Жұмағұлов ресейліктен чемпиондық белбеуді тартып алды

Астанада  Fight Nights Global 88 аралас жекпе-жектен турнир өтті.

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (11-3) титул үшін болған жекпе-жекте ешқашан жеңілмеген, жеңіл салмақтағы Fight Nights чемпионы ресейлік Тагир Уланбековпен (6-0) күш сынасты. Айқас бес раундқа созылып, Жұмағұловтың басымдығымен аяқталды (49-46, 49-47, 48-48). 

Осылайша Жұмағұлов 12-жеңісіне қол жеткізіп, жеңіл салмақтағы Fight Nights жаңа чемпионы атанды. Уланбеков болса, белбеуден айырылып, өз спорт жолында алғаш рет сүрінді.

Еске сала кетсек, бұның алдындағы жекпе-жегін Жалғас Жұмағұлов 1 сәуірде Алматыда өткізіп, әділқазылардың бірауыз шешімімен америкалық спортшы Тайсон Нэманы жеңген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде