{metadescription}
Қаныпезер ауыл тұрғынын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті

Қаныпезер ауыл тұрғынын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті

Әзербайжандағы ауылдардың бірінде екі әйелдің мәйіті табылды, полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашты.

Әзербайжанның Джалилабад ауданындағы Гаразянджир ауылында сұмдық қылмыс жасалды.

76 жастағы Фируза Аскерова мен оның 46 жастағы қызы Санубар Аскерованы өз үйінде айуандықпен өлтіріп кетті.  Қаныпезер мүгедек С. Аскерованы (туберкулез ауруына байланысты) зорлап, буындырып өлтірген, ал оның анасының  басын кесіп алып, денесін сарайға көміп кеткен.

Мәйіттер табылғаннан кейін аудандық прокуратура мен полиция қызметкерлерінен бірлескен шұғыл тергеу тобы құрылды. Көп ұзамай қылмысты бұрын екі рет сотталған Яшар Байрамов жасағаны анықталды, түрмеде "Чыркма" деген лақап атты иеленген күдікті ұсталды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыр қылмысқа кек себеп болған – бірнеше жыл бұрын Яшар жанжал кезінде Октай Аскеровті (марқұмдардың ұлы мен бауыры) пышақпен жарақаттайды, Октай оның үстінен арызданып, түрмеге қаматып жіберген. 

Яшар бұған қатты ашуланған, бірақ ол түрмеден босап шыққан кезде Огтай туберкулезден қайтыс болып кетеді. Содан кейін Яшар Байрамов Огтайдың анасы мен әпкесін өлтіруге бел буады.

Айта кетейік, Яшар Байрамов үш рет үйленген, үш әйелінен бірнеше баласы бар. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде