{metadescription}
Павлодар облысында шенеунік ірі көлемде пара алған

Павлодар облысында шенеунік ірі көлемде пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрмановты пара алып жатқан жерінен ұстады.

Сонымен қатар, осы департаменттің Тергеу басқармасын басқаратын Азамат Бейсембаев пен жедел уәкіл Д.Мағзұмов та ұсталған. Олар бірігіп 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда.

Күдікті үш шенеуніктің үйін және жұмыс орындарын тінтіген Бюро қызметкерлері айғақ заттарды тәркілеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Үшеуінің үстінен де аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, шенеуніктер параны Екібастұзда көмір өндірісімен айналысатын "Заман" компаниясының басшысы Абгушиновтан алған.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...