{metadescription}
Ресейде бортында 3 адам бар тікұшақ жоғалып кетті

Ресейде бортында 3 адам бар тікұшақ жоғалып кетті

Бортында 3 адам болған Ми-8 тікұшағы Ресейдің Иркутск облысында жоғалып кетті.

Тікұшақ «Ангара» әуе компаниясына тиесілі. Онымен байланыс үзілді, дәл қазір іздестіру шараларын жүргізілуде. Жоғалып кеткен тікұшақ әуефототүсірілім жасап жүрген. Өңірдің жедел қызмет мекемелерінде МИ-8 тікұшағы Усть-Куть қаласынан Солтүстік Байқалға қарай жол тартқанын және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жүргенін мәлім етті.

«Ангара» тікұшақтың бортында тек әуе компаниясының қызметкерлері болғанын жеткізді. «Іздестіруге Киренскінің (Иркутск облысы) Ми-8 және Ан-26 тікұшақтары мен арнайы парашюттік топ аттанды», - деді Сібір авиациялық іздестіру-құтқару орталығының директоры Анатолий Лукьяненко.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.