{metadescription}
Астанада әжелерге арналған фитнес-клуб ашылды

Астанада әжелерге арналған фитнес-клуб ашылды

Астанада әжелерге арналған фитнес-клуб ашылды.

Клуб 58-ден жоғары жастағы әйелдерге арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаттығулар аптасына үш рет, яғни айына 12 мәрте өтеді. Әжелер фитнес-клубқа барғаны үшін айына 10 теңге төлеуі тиіс. Фейсбуктегі «AjetaiFit» фитнес-орталығының ресми парақшасында хабарланғандай, жаттығулар бағдарламасы әжелердің жас ерекшелігін ескере отырып құрылған. Онда буындардың мобильдігіне арналған аэробика элементтерімен сауықтыру шаралары, сондай-ақ дұрыс тыныс алу үшін йога элементтері қамтылған. Мұнымен қоса, белсенді әжейлер 2 аптада бір мәрте шығыс билеріне бару мүмкіндігіне ие болып отыр.

«Біздің ата-аналарымызбен жасты адамдар өз өмірлерінде тек отбасын ғана ойлап, уақыттарын жұмыспен өткізді. Оларда тұрақты спортпен шұғылдануға уақыттары болмады. Қазіргі кезде жастар жаттығып жүрген спорт залдарға әжелер бара бермейді. Өз аналарыңыздың көңілді жүргені қандай тамаша. Сондықтан орталыққа аналарыңыз бен әжелеріңізді алып келіңіздер», - деп жазды жобаның бастамашысы Эльмира Қуаныш.

Айта кетейік, әлеуметтік желі пайдаланушылары аталған игі бастамаға оң бағаларын беріп үлгерді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде