{metadescription}
Қазақстан Азиадада неліктен үздік бестікке кіре алмады?

Қазақстан Азиадада неліктен үздік бестікке кіре алмады?

Қазақстан Азиадада неліктен үздік бестікке кіре алмады? 

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы биылғы Азия ойындарында Қазақстанның неліктен үздік бестікке кіре алмағанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алып (барлық медальдар саны - 76), жалпы рейтингте тоғызыншы орыннан көрінген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы осы ойында ел намысы үшін барын салған спортшыларға алғысын білдірді.

«Өкінішке қарай, кейбір объективті және субъективті себептер біздің құрамамызға жалпы есепте жоғары орындардан көрінуге мүмкіндік бермеді», - деп бастады Фейсбуктегі жазбасын министр.

Министрдің жазуынша, ең біріншіден Қазақстанның ауыр атлеттері бұл жарысқа қатысқан жағдайда кем дегенде 4 медаль әкелер еді.

Нақтырақ айтқанда, үкілеген үмітті арқалап отырған Зүлфия Чиншанло мен Жазира Жапарқұл, Ниджат Рахимов пен Денис Ұланов аталмыш жарыстан бос қайтпайтыны анық еді. Ауыр атлеттерімізді 2008 және 2012 жылғы допинг дауларына байланысты жарыс жолына шығармай қойған. Шеттету мерзімі осы жылдың қазан айының 19-да аяқталатынын айта кету керек. Қазақстандық боксшылар биыл екі күміс медальге ие болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бокс құрамасында жаңарту жүргізіліп жатыр. Көптеген табысты спортшылардың кәсіпқой боксқа ауысып кетіп жатқаны да өз әсерін тигізуде. Атап айтқанда, Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Әли Ахмедов, Жаңқош Тұраров, Мейірім Нұрсұлтановтар қазір әуесқой бокспен қоштасқан.

«Мен біздің спортшылар үшін қуанамын. Оның үстіне, Азиадада бокстан 91 келіге дейін, 91 келі және 91+ келі салмақтарды алып тастады. Ондағы Василий Левит, Антон Пинчук секілді мықты боксшылар автоматты түрде Азиаданың сыртында қалды», - дейді министр.

«Каратэден де бір салмақтың, оқтық және стендтік ату сайыстарының командалық түрлері алынып тасталғаны да өз әсерін тигізді» деп есептейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бұдан бұрынғы Азия ойындарында Қазақстан аталған спорт түрлерінен алтын медаль алған болатын.

«Бұған қоса, Азиадаға дәстүрлі өзбек күресі - кураш қосылды. Осы спорт түрі өзбек спортшыларына 5 алтын медаль әкелді. Дәстүрлі индонезиялық жекпе-жек түрі пенчак-силат, джетскай (гидроциклдегі жарыс), спорттық бридж, сепактактрау (волейбол, футбол, тіпті гимнастиканың қосындысы) Азия ойындарына еніп кетті», - дейді ол.

Министр биыл ұлттық құрамаға мықты теннисшілеріміз Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Диас көмектесе алмай, бұдан да салмақты командалар арасындағы US Open сайысына АҚШ-қа аттанып кеткенін тілге тиек етті.

«Медальдардың жалпы саны бойынша біз шынында да жалпы есепте бесінші орында тұрмыз. Жоғарыда аталған жайлардың бәрі алтын медальге қол жеткізуге кедергі келтірді. Әлбетте, жағдай ақталуды көтермеуі мүмкін, бірақ тереңірек талдасақ, былай болуы мүмкін еді: егер 15 алтын медальге - ауыр атлеттеріміздің 4 алтын медалін қоссақ, алтын медальдеріміздің саны 19-ға жетер еді. Ал егер оған бокстағы алуымыз әбден мүмкін тағы 3 алтынды қоссақ - 22 алтын медальге қол жеткізер едік. Теннисшілеріміз де үш алтын медаль алып беруге әбден қауқарлы-тын. Оған Елдос Сметовтың жарақатына байланысты ала алмай қалған бір алтынын қоссақ - жалпы 26 алтын медаліміз болар еді», - деп түйді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.