{metadescription}
Головкин-Альварес реваншы алдында өтетін шаралар белгілі болды

Головкин-Альварес реваншы алдында өтетін шаралар белгілі болды

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG - «Канело» реваншының алдында өтетін іс-шаралар туралы айтты.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

«Боксшылар сейсенбі күні келеді, ал баспасөз мәслихаты сәрсенбіге жоспарланған. Екі іс-шара да жұртшылық алдында өтеді. Салмақ өлшеу рәсімі T-Mobile Arena-да жұма күні болады, ол да ашық түрде ұйымдастырылады. Біз керемет айқас аптасын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бокста кепіл деген болмайды, бірақ GGG мен «Канело» арасындағы жекпе-жек тамаша болмақ», - деді  Леффлер.

WBA/WBC/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде