{metadescription}
Орынсыз қалжыңы үшін бір жарым жылын түрмеде өткізетін болды

Орынсыз қалжыңы үшін бір жарым жылын түрмеде өткізетін болды

Орынсыз қалжыңы үшін бір жарым жылын түрмеде өткізетін болды.

Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтып, ішкі істер органдарына жалған ақпарат берген 51 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылдың сәуір айында сотталушы әйел «Сокол» сауда үйіне жарылғыш қойылды» деп хабарлап жұртты дүрліктерген болатын. Жалған хабарламаның кеселінен қаладағы барлық күш құрылымдары жұмылып, халықты қауіпсіз жерге көшіріп әуреге түскен болатын. Ақыры аталмыш сауда үйінен бомба табылмады. Көп өтпей жалған хабар беріп қоңырау шалған адам ұсталды.

Сот үкімімен 51 жастағы сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Жыл басынан бері облыс аумағында дәл осындай 7 жағдай тіркелген. Әсіресе, мұндай орынсыз қалжыңның нысаны ретінде адамдар көп жиналатын орын таңдалатын көрінеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.