{metadescription}
Оралда жоғалып кеткен қыздың мүрдесі табылды

Оралда жоғалып кеткен қыздың мүрдесі табылды

Оралда жоғалып кеткен қыздың мүрдесі табылды.

Бұл туралы хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1 қыркүйек күні таңғы сағат 07.40 шамасында 1996 жылғы Г. есімді қыздың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Бүгін қыздың денесі Шаған өзенінен табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Асылғали Меңдіғалиннің нақтылауынша, қыз хабарсыз кетердің алдында өзінің жүрген жігітімен келіспей қалған. 

Сосын оның нөміріне өзінің алысқа кетіп бара жатқанын айтып, кіші інісіне көз болуын өтініп, смс-хабарлама жіберген.

Айта кетейік, Г-ның жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы да хабарланып, іздеу салынды. 

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде