{metadescription}
Зейнеткерді тонап кетті

Зейнеткерді тонап кетті

ШҚО-да зейнеткерді тонаған ұры ұсталды.

Зырян ауданында зейнеткерді тонаған ұры ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат. 

Зырян аудандық Ішкі істер басқармасына 61 жастағы әйел арызданған.

Үйіндегі жөндеу жұмыстары кезінде белгісіз біреу алтын әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен. Жалпы шығын көлемі 395 мың теңге. Полиция қызметкерлері хабар түскеннен кейін жедел іздестіру шараларына кіріскен.

Арада ұзақ уақыт өтпей ұрының жеке тұлғасы анықталып, оның 32 жастағы аудан тұрғыны екені белгілі болды.  

Әлгі әйел үйіндегі жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінген.  Ал азамат бір ай бойы жұмыс істей жүріп, үй иесінің ақшасы мен бағалы заттарының қайда тұратынын білген. Кейін алтын әшекей бұйымдарды жымқырып, ломбардқа өткізген. 

Тергеу кезінде азамат кінәсін мойындады.

Қазір ҚР ҚК-нің 188 бабы, 1-ші тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде