{metadescription}
Иен далада адасқан 5 жасар бала табылды

Иен далада адасқан 5 жасар бала табылды

ШҚО-да иен далада адасқан 5 жасар бала аман-есен табылды.

29 тамыз күні кешке қарай Күршім ауданы Сарыөлең ауылында бес жасар Қаршыға есімді бала жоғалды деген ақпарат ауыл арасына лезде тарайды. Бала нағашы атасы Гімің мен апасы Нұргүлдің қолында болған. Алдымен ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерде велосипеді табылған. Қуанышқа орай,тоқтаусыз іздеу шараларының нәтижесінде төртінші күн дегенде кішкентай Қаршыға «Қомашарбақ» телімі аумағынан аман-сау табылды.

Жаппай іздеу жұмыстарына АІІБ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №9 суда құтқару бөлімшесі кірісіп, аудан әкімінің басшылығымен іздестіру шаралары бірнеше бағытта жүрген. .

«Негізгі іздеу жұмыстары бала жоғалған күні түнде ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерден велосипеді табылған бағытта жүргізілді. Сондай-ақ, кішкентай ұл ауыл маңайындағы каналдарға түсіп кетті ме деген қауіппен су арналарын құтқарушылар жіті сүзгіден өткізді. АІІБ басшысы полиция подполковнигі Қайрат Бытебаевтың қатысуымен іздестіру тобы, №2535 әскери бөлімнен бір топ қызметкерлер де іздеу шараларының басы-қасында болып, жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмысты ауыл тұрғындарымен ұйымдаса атқарды»,-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Оразғалиев.

Іздеу жұмыстарына табандылықпен кіріскен бүлдіршіннің туысы, жергілікті мал дәрігері Серікбек Қожырақаев пенТұрысбай Мұхадір есімді азамат бірнеше күн далада адасып, қарны әбден ашып,тоңып қалған баланы тауып алады.

«Сол кездегі жағдайымды сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Кішкентай жиенімді қол-аяғы бүтін, тірідей тауып алғанымда ағыл-тегіл жылап, тізерлей кетіппін. Бірнеше күн бойы ауа райы да бұзылып, жаңбырлатып, салқындап кеткен еді сол кезде. Үмітіміз бен күдігіміз қатар жүріп, іздеуді жалғастыра берген едік. Үмітімізді үздірмей, қолдау көрсетіп, іздеу жұмыстарына атсалысқан жерлестерімнің барлығына алғыс айтамын,-дейді тебіренісін жасыра алмаған Қаршығаның нағашысы Серікбек.

2 қыркүйек күні күндізгі сағат 11-лер шамасында табылған бала бірден жергілікті дәрігерлердің қарауына беріліп, Қаршыға екі күннен соң үйіне шығарылды.

«Ауруханаға түскен кезде баланың бойынан суық тию, жарақат сияқты ешқандай сырқаты анықталмады. Мамандар тек тамақ ішуін қадағалап, денсаулығына бақылау жасады. Жағдайы қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылады,-деді аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ләйлім Шоқаева.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.