{metadescription}
Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау туралы декларация қабылданды

Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау туралы декларация қабылданды

Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау туралы декларация қабылданды.

Елордада Ауғанстандағы әйелдердің құқығын қорғау конференциясының қатысушылары Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы Астана декларациясын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа сәйкес, қатысушылар Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдауға бағытталған шараларды тұрақты түрде өткізуді мақұлдайды және Орталық Азия елдері үкіметтерінің Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы ахуалды тұрақтандыруға жұмсаған күш-жігерін құптайды.

Олар Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың өмірі мен білім беру жағдайын жақсартудың ел экономикасын көтеруге, жұмыс орындарын құруға, зорлық-зомбылық және экстремизммен күреске оң ықпал етеді деп есептейді. Сонымен бірге декларацияда барлық мүдделі тараптар өңірдегі және Ауғанстандағы белсенді әйелдердің аймақтық желісі ретінде арнайы консультативтік орган құру мүмкіндігін қарастыруға шақырылған. Бұл консультативтік орган әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді және олардың саяси шешімдерді қабылдау, саяси келіссөздер мен консультациялар, экономикалық құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту, білімге қол жеткізу, денсаулық сақтау сынды барлық салаларға тікелей қатысуын қамтамасыз етпек.

Қатысушылар барлық мүдделі тараптарды Ауғанстандағы және аймақтағы әйелдерге тиесілі шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсетуге, аймақтық және ғаламдық нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырады. Сондай-ақ, құжатта қатысушылар барлық мүдделі тараптарды, соның ішінде қаржы институттарын Ауғанстанда әйелдерге тиесілі кәсіпорындар үшін мамандандырылған инфрақұрылымы мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар эксклюзивті индустриялық парк құруды қарастыруға шақырады.

Конференция аясында Қазақстан, Өзбекстан және Еуропалық Одақ Ауғанстанның басым бағдарламаларына сәйкес Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында ауған әйелдерін кәсіби-техникалық даярлау және оқыту бойынша пилоттық жоба бастамасын ұсынды. Сонымен бірге, Қазақстан Үкіметі денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологиялар және инновациялармен, тәжірибелермен бөлісуге дайын екендігін жеткізді. Бүгінгі шарада Ауғанстан әйелдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығы және Атамекен ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге, Конференция қатысушылары Қазақстан Үкіметінің 2019-2020 жылдары Ауған жастарына бөлінетін оқу стипендияларының басым бөлігін әйелдерге беру туралы шешімін қуанышпен қабылдайды және өзге донор-елдерді көбірек стипендиялар бөлуге, ауған әйелдеріне арналған онлайн-курстар ұйымдастыруға шақырады.

Декларация соңында шара қатысушылары Қазақстан Республикасының Үкіметіне маңызды бастамалар мен қонақжайлылық үшін және Астанадағы Конференцияны сәтті өткізгені үшін алғыс айтты және Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы келесі Өңірлік конференцияны 2019 жылдың қыркүйегінде өткізу туралы қаулы шығарды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.