{metadescription}
ФОТО: Банкоматты тонамақ болған ұрылар сан соғып қалды

ФОТО: Банкоматты тонамақ болған ұрылар сан соғып қалды

Ұлыбританияның Россендейл қаласында банкоматты тонамақ болған ұрылар сан соғып қалды.

Сөйтіп бір қапшық ақша аламын деп дәмеленгендер тек 20 фунтпен алыпты.

Ұрылар екі банкоматты тонамақ болған. Ол үшін есікті шағып, қабырғаны тесіп қиратқан. мақсатымызға жеттік дегенде, оларды тосын сый күтіп тұрды, деп хабарлайды Manchester evening news.

Олар банктің жанында орналасқан сақтандыру агенттерінің кеңсесіне түсіпті. Не істерін білмей сасып қалған ұрылар, кеңсені тінтіп, 20 еуро ғана тауыпты. 

Аталмыш кеңсенің қызметкерінің айтуынша, ұрылар £10 мыңға шығын келтірген. Енді бұның бәрін өз қалтасынан төлеуге тура келіп тұр. "Ұрылардың біздің клиенттеріміз туралы ақпарат іздеп, кеңседен техникалық құрал-жабдықты алып кетпегеніне шүкір", - дейді сақтандырушы агент. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде