{metadescription}
Күйеу жігіт үйлену тойынан екі сағаттан кейін қайтыс болды

Күйеу жігіт үйлену тойынан екі сағаттан кейін қайтыс болды

Англия тұрғыны үйлену тойынан екі сағаттан кейін қайтыс болды. 

Дэнни Эмсли мен оның қалыңдығы Клэрдің үйлену салтанаты Уэтерби қаласының маңындағы спа-отельде өткен. Тойға 80-нен астам қонақ жиналды.

Түн жарымына таман күйеу жігіт жоғары қабаттағы бөлмесіне көтеріледі. Ал қалыңдығы бұл уақытта қонақтармен бірге көңіл көтеріп билеп жүрген. Бірер сағаттан соң қалыңдығы жігітін іздеп оның бөлмесіне келсе, оның өлі денесін көреді. Бөлмеден айқай салып атып шыққан Клэр қонақтарын көмекке шақырды. Сол уақытта бөлмесі жабылып қалып, қонақтар есікті сындырып кірді. Бәрі жабылып жүріп жедел қызметін шақырды. Бірақ тым кеш еді. Күйеу жігітті ешкім тірілте алмады. 

Дэннидің жасы 37-де болатын. Туыстары оның денсаулығы мықты болғанын айтады. Полиция оның өліміне ешқандай күдіктіні таппады. 35 жаста жесір қалған Клэр фэйсбук парақшасына жарынан айырылғанын және енді қалай сүйікті адамынсыз өмір сүретінін айтып қиналуда. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде