{metadescription}
Үш жыл бұрын жоғалған атыраулық Қапшағайдағы казинодан табылды

Үш жыл бұрын жоғалған атыраулық Қапшағайдағы казинодан табылды

Алматы облысының полициясы үш жыл бұрын із-түссіз жоғалған 25 жастағы жігітті тапты.

Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша ол Қапшағай қаалсында жергілікті ойынханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жас жігіт үш жылдан бері іздеуде жүрген. Атырау облысының полициясына оның анасы 2015 жылы ұлының жоғалғаны туралы арыз қалдырған екен.

«Анықталғанындай, 2014 жылдың соңына таман жас жігіт туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалған. Өз бетінше өмір сүрмек болған ол осы уақытқа дейін Алматы қаласында тұрып, туыстарымен байланысын үзіп, еш хабар бермеген. Осыдан үш-төрт ай бұрын ғана ол Қапшағай қаласындағы ойынханалардың біріне аспаз болып орналасқан. Жігіттің табылғаны туралы ақпарат Атырау облысына жіберілді», - дейді ІІД баспасөз қызметі. 

Айта кетерлігі, жалпы өңірлік тәртіп сақшылары жыл басынан бері із-түссіз жоғалып кеткен 200-ге тарта адамды тапқан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде